"Жүрекке салмақ түсу қаупі бар": Мұхтар Шахановтың жағдайы туралы орынбасары айтып берді

Мұхтар Шахановтың өкпесі қабынып, ауруханаға түскен еді. Ақынның денсаулығын алаңдаушылық білдірген жандардың саны көп. Осыған байланысты Шахановтың орынбасары Құдияр Біләл жазба жариялады. 

"Алаңдауға негіз жоқ. Мұхтар Шаханов ағамыздың денсаулығына алаңдаушылық білдіріп жатқан ағайынға айтар алғысымыз шексіз. Алайда кейбір қаңқу әңгімелерді де құлағымыз шалып қалды. Басын ашып айтайық. Ешкім мазасын алмасын деп телефонын сөндіргенбіз. Бұл - бір. Екіншіден, өкпесінің қабынуы қауіпті деңгейде емес. Алайда жүрекке салмақ түсу қаупі бар. Ең бастысы, тамаққа тәбеті болмай, біраз күш жоғалтып алды. Соған орай бүгін Қаншайым жеңгеміз өзі қадағалап отырып қымыз ішкізді. Ертең таң атпай сорпа-суын алып барады", - деді Құдияр Біләл. 

Айтуынша, Шахановтың асқа тәбеті жоғалған. Жүрекке салмақ түскен. Басқа алаңдайтындай ауыр жағдай емес. 

"Жеңгейдің өз қолымен дайындаған дәмі Мұхтар ағамыздың бойына күш қосар деген үміттеміз. Оған қосымша дәрігерлер де тамақтық қуат беретін іс-шараларды қолға алды. Әзірге тамақтан басқаға өкпеміз жоқ. Тек шамалы әлсіздік бар. Қазақтың бір туар дара перзентінің денсаулығына алаңдаушылық білдіргендеріңіз үшін рахмет. Алла Тағала жақсы күндерде жүздесуді нәсіп етсін!", - деп жазды ол.

Бұған дейін Мұхтар Шахановтың өкпесі қабынып, ауруханаға түскені жайлы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр