Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолдың жабылатыны туралы ескертуге қарамай көлік басқарған жүргізушілерді қандай жаза күтетіні айтылды

Заң талабына бағынбай, жүргізуші ауа райының қолайсыздығы кезінде тас жолдардың жабылатыны туралы ресми ескертуден кейін де жол жүретін болса айыппұл төлеп, сотта жауапқа тартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Тас жолды жабу туралы шешімді Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі емес, "ҚазАвтоЖол" компаниясы қабылдайтынын, содан кейін министрліктер жолдарды жабуға көмек көрсететінін атап өтті. Жолдар ресми ережелерге сәйкес жабылады.

"Егер қарсылық көрсеткен жағдайда біз оларды 667-бап (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша жауапқа тартуға құқылымыз. Сот материалы, сот отырысында қаралады. Ережені бұзғандар отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамақуға алынады", - делінген хабарламада.

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті негізінен дизельдік отынмен жүретін көліктерге аязды күндері жүруге тыйым салынатынын, себебі олар суықта қатып қалатынын айтты.

"Осындай аязды күндері бензин көлігі барларға тосқауыл қоймаймыз, жібереміз, ал дизельді отынмен жүретін көліктерге рұқсат жоқ. Сондықтан біз дизельмен жүретін қоғамдық көліктер мен жүк көліктерінің жүруіне тыйым саламыз", - делінген хабарламада.

Талқылау