Басты жаңалықтар
Жетісу облысында Сібір тау ешкілерін атқан Испания азаматтары ұсталды
Жетісу облысында Сібір тау ешкілерін заңсыз аулаған Испания азаматтары ұсталды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Комитет ұсынған мәліметке сәйкес, браконьерлер “Тоқты” мемлекеттік табиғи қорығы аумағында қолға түскен.
"Жоңғар-Алатау ұлттық паркінің мемлекеттік инспекторлары жүргізген рейд барысында Тоқты мемлекеттік табиғи қорығының аумағында "Toyota Land Cruiser Prado" маркалы автокөлігі тоқтатылды. Онымен бірге салонда Испанияның екі азаматы болған", – делінген ведомство хабарламасында
Тексеріс барысында автокөліктің жүксалғышынан екі Сібір тау ешкісінің басы, 60-62 келі болатын ет пен терісі табылған. Сонымен қатар шетелдік азаматтардан Mannlicher және Блейзер маркалы қарулар тәркіленді.
"Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, Жетісу облысы Алакөл аудандық полиция бөліміне тапсырылды", – деп толықтырды баспасөз қызметінің өкілдері.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған