Танымал актер Жерар Депардье сексуалды зорлық жасады деген айыппен қамауға алынды
Парижде белгілі француз актері Жерар Депардье сексуалды зорлық жасады деген айыппен қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актерге қатысты қылмыстық іс үш жылдан астам уақыт бойы тергеліп келеді
"Маг и сиамцы" қысқаметражды фильмінің түсірілім мүшесі 2014 жылы 24 жасында картинада жұмыс істеген кезінде Депардье оған оғаш қылықтар мен бейәдеп сөздер айтқанын айтты.
Тағы бір шағымданушы – 53 жастағы декоратор 2021 жылы "Зеленые ставни" фильмін түсіру кезінде актер оны дәлізде қапсыра құшақтап, соған сәйкес сөздер айтқанын мәлімдеді. Декораторға көмекке келген соң, актер кешірім сұраған. Бірақ кейінірек, арызданушының айтуынша, актер оны ұятсыз сөзбен атаған.
Сонымен қатар 2020 жылдан бастап Депардье актриса Шарлотта Арнольдқа қатысты жыныстық зорлық-зомбылық ісі бойынша тергеуге іліккен. Қазір әлемдік киноның аңызы қамауда отыр.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"