Жер опырылып кеткен: Қостанай облысында ерекше табиғи құбылыс табылды
Қостанай облысындағы Қарасу ауданында ерекше табиғи құбылыс табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Наша газета” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарасу ауданындағы егістіктердің бірінен тұрғындар жердің үлкен тесілген шұңқырды байқаған. Аудан әкімдігі шұңқырдың табиғи әсерден пайда болғанын алға тартты.
"Ауылшаруашылық жерінде мөлшері 3х4 метр және тереңдігі 10 м-ге дейін шұңқыр пайда болды. 2023 жылдың күзінен бастап жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын мен судың көп мөлшеріне байланысты, сондай-ақ биылғы су тасқынына орай жер толығымен сіңірген. Соның салдарынан жер асты сулары да әсер ете отырып, топырақ жібіп жер астына опырылған”, – делінген хабарламада.
Оқиға орнында түсірілген кадрлардан үлкен шұңқырдың ішінде кішкене тесік пайда болғанын және оның тереңдігі әлдеқайда тереңде екенін көруге болады.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды