AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңілдетілген автокөлік несиесі: Министрлік екі нұсқа ұсынылатынын айтты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан қазақстандықтар үшін жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасын іске қосудың екі нұсқасы қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол МИИР автомобиль бөлімінің бастығы Руслан Хисамутдинов жариялаған ақпараттарға қатысты түсініктеме берді.

Автонесие бағдарламасы жақын арада іске қосылады деген қате пікір екенін алға тартты.

"Қазір уәкілетті мемлекеттік органдар жеңілдетілген автокөлік несиесі бойынша жаңа бағдарламалардың екі нұсқасын қарастыруда. Бірінші нұсқада бұл Жеңілдікті несиеге 150 млрд теңге бөлу ұсынылды. 4 жылға бөлгенде бірінші жылы – 30 млрд теңгедан келеді. Несиелеу шарттарын 2015 жылы іске қосылған ескі бағдарламалар сияқты жалғастыру мәселесі көтерілді", - деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, екінші нұсқа халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын бастапқы жарнасыз несиелеу идеясын қамтиды. Оған РОП операторы компаниясы жинақтаған қаражаттан 100 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлу ұсынылып отыр.

Сондай-ақ, Жанжігіт Омархан бағдарламалар бойынша несие лимитін 7 миллион теңгеге дейін төмендету идеясы қазір талқыланып жатқанын айтты. Бұл ұсыныстың қабылдануы экономикалық тиімділік пен орындылыққа байланысты.

"Қалай болса да, екі идея да әлі талқылау сатысында. Олар индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған формада қабылданбауы да мүмкін. Сондықтан нақты шешімшығаруға әлі ерте. Естеріңізге сала кетейін, бағдарлама жобасының кез келген нұсқасы бекітілген, қабылданған және барлық қолданыстағы рәсімдерге сәйкес рәсімделгеннен кейін 2022 жылға дейін жеңілдетілген автонесие берудің жаңа бағдарламасын іске қосу жоспарлануда", - деп қорытындылады баспасөз хатшысы.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та жаңа автонесие бағдарламасына қанша ақша бөлуге болатыны, жеңілдетілген автонесие алуға қанша адам кезекте тұрғаны және қазақстандықтардың қандай көлікті таңдай алатыны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр