Желіде тараған видеодан кейін талғарлық полицей жауапкершілікке тартылды
Видеодан скрин
Талғар қаласында полиция ғимаратының маңында полиция майорының жол ережесін бұзып, көлігін рұқсат етілмеген жерге қойған видеосы желіде жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде Талғардағы жүргізушілердің жол ережесін бұзған видеолар жарияланды. Видеоға түсіп қалғандардың ішінде полиция қызметкері де болды. Полицей көлігін жол қиылысынан тым жақын қойып кеткен.
Жол ережесіне сәйкес, жүргізушілерге жол қиылыстарында, сондай-ақ қиылысатын жолдың шетінен 30 метрден жақын жерде тоқтау және тұраққа қоюға тыйым салынған.
Талғардағы жұртты дүр сілкіндірген оқиға бойынша учаскелік полицей сотталды
Алматы облысы ІІД анықталған жол ережесін бұзған жүргізушілер заңға сәйкес жауапқа тартылғанын хабарлады.
Сонымен қатар, құқық бұзушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, болашақта мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қолданыстағы заң талаптары мен оларды сақтамағаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді", – деп хабарлады Алматы облысы ІІД.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар