Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Астанадағы мектеп пен сауда орталығында теракт жасалатыны туралы ақпарат тараған: Полиция пікір білдірді

Желіде “Астанадағы мектептер мен сауда орталығында теракт жасаймыз” деген хабарламалар тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі хабарламалардан скриншот

Әлеуметтік желілерде белгісіз біреулер мектеп оқушыларына шабуыл жасайтыны, сондай-ақ сауда орталығына бомба қоятыны туралы жазатын арна пайда болды.

Астана полиция департаменті бұл ақпараттың өтірік екенін айтты.

"Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдарына тексеріс жасалды. Тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа мән беруін сұраймыз", – деп мәлімдеді Астана ПД.



Лаңкестік актісі туралы жалған хабар тарату 5 мың АЕК (18,5 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салды.

Еске салайық, 2024 жылы 8 сәуір күні Алматыда Сүлеймен Демирел атындағы университетте бомба бар деген ақпарат тарап, студенттердің эвакуацияланғаны туралы жазған едік. 

Талқылау