Жазушы Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанова өмірден озды
Қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқанованың қызы Баян Мұқанова қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Абай TV
Оның қайтыс болғаны С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай кешенінде хабарланды.
"Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына ортақтасып көңіл айтамыз", – делінген хабарламада.
Сәбит Мұқанов (1900–1973) – қазақтың көрнекті жазушысы, ақын және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Ол 1943-1951 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағын басқарды.
Оның әйгілі шығармаларының қатарында "Ботагөз", "Сырдария" романдары мен "Өмір мектебі" өмірбаяндық трилогиясы бар.
Баян Мұқанова отбасының ғылыми дәстүрін жалғастырып, саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол химия ғылымдарының кандидаты болды, ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен