Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазғы дөңгелегін ауыстырмаған қазақстандық жүргізушілерге қай кезден бастап айыппұл салынатыны белгілі болды

Елімізде көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Бұл шартты орындамағандарға айыппұл салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pixabay

Брифингте Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек мұның техникалық регламенттерде талап етілетінін алға тартты. Сол үшін егер қыста жүргізуші жазғы дөңгелекпен ұсталса, полиция айыппұл салуға құқылы.  

Айтуынша, мұндай бұзушылық үшін ең төменгі айыппұл мөлшері 5 АЕК. Егер бір жыл ішінде жүргізуші тағы да осындай құқық бұзушылықты жасаса, айыппұл 10 АЕК-ке дейін өседі.

"Біз қыс қарсаңында тұрмыз. Сондықтан 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында барлық көліктеріміз қысқы дөңгелектерге көшуі керек. Бұл қауіпсіздік талабы, өйткені үлкен мегаполисте жауын-шашын болған сәтте хаос басталады. Оның басты себебі – жүргізушілердің қысқа дайын болмауы", – деді Салтанат Әзірбек.

Ол жүргізушілерді абайлап, көліктерін қыс мезгіліне алдын ала дайындауға шақырды. Әсіресе полицейлер бұл бағытта 1 қарашадан бастап профилактикалық жұмыстарды бастап кеткен. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге ескерту жасады.

Талқылау