"Жауынды кезең жалғасады": Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет мамандары Қазақстан аумағы бойынша алдағы 21-23 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің көп бөлігінде күн жаңбырлы болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің көп бөлігінде мамырдың жаңбырлы ауа райы кезеңі жалғасып жатыр.
Атмосфералық фронт әсерінен найзағай мен бұршақпен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Барлық аумақта қатты жел күшейеді. Тек батыс аймақтарда жоғары қысымның әсерінен жаңбыр тоқтайды. Алайда түнгі уақытта 2 градусқа дейін салқындық болатыны болжанған.
Ал оңтүстік-батыс ағындары мамыр айындағы климат температураның күндіз жылуына әсер етеді.
Батыс, оңтүстік аймақтарда күн 18-28 градусқа дейін жылиды. Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда 15-23 градусқа дейін температура жоғарылап, тек 23 мамырда еліміздің солтүстігінде 7-15 градусқа дейін төмендейді.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге мөлшерінде болады
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"