Жасөспірім әуе апатының суреттерімен жолаушыларды шошытты: Оны рейстен түсіріп тастаған
Нидерландыда ұшар алдында өзге жолаушыларға әуе апатының суреттерін жіберген жасөспірімді рейстен түсіріп тастады. Елде осындай жағдай бір аптада екі рет тіркелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
Сурет: Tourweek.com
Роттердам әуежайында ұшақ ұшуға әзір болған, бірақ жолаушылардың телефонына әуе апаттарының суреттері келіпті. Қорқынышты суреттерді алғандардың қатарында ұшқыш та бар.
Жасөспірім суреттерді iPhone қолданушыларына Air Drop қосымшасы арқылы жіберген.
Transavia компаниясына жолаушылар үрейленгендіктен, рейсті кешіктіруге тура келген. Ал қауіпсіздік қызметі мұны қоқан-лоқы деп бағалаған.
Әуе компаниясының қызметкерлері жаппай хабарлама жіберген адамды іздей бастаған. Ұшқыш ешқайда ұшпайтынын және ұшақтан ешкімнің түспейтінін айтқан соң ғана 18 жастағы жасөспірім өз еркімен мойындады.
Кейін жасөспірімді тұтқындап, әскери полиция тергеген.
"Мұны бомба жаратыны жайлы қоқан-лоқы деп бағалаймыз. Суретті әуе компаниясының қызметкерлері, балалар көрді. Бұл бейжай қарайтын оқиға емес. Сондықтан ұшқыш ресми арыз түсірді", – деп мәлімдеді Transavia компаниясының қызметкерлері.
Бұған дейін Норвегияда ер адам Схипол әуежайынан Дубайға ұшатын ұшақта әуе апаттарының суретін таратқан ер адамды рейстен түсіріп тастаған.