"Жасыл Даму" басшысы қызметінен кетті
Утилизацилық алым операторы "Жасыл Даму" АҚ басшысы Жанат Самат қызметінен кетті. Экология министрлігі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, Жанат Самат басқа қызметке ауысуына байланысты орнын босатты. Ол бұл қызметке биыл 1 ақпанда тағайындалған болатын.
Айта кетcек, "Жасыл даму"АҚ бұрын "Оператор РОП" ЖШС болған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы компанияны сынағаннан кейін үлесі мемлекетке қайтарылған болатын. Атауы да өзгерді.
Сондай-ақ утилизациялық алымды қысқартуға тапсырма берілген. Үкіметтің шешімімен Қазақстанда утилизациялық алым екі есеге қысқартылды.
Алайда жаңа тарифтер әлі бекітілген жоқ. Бұған дейін әділет министрі Қанат Мусин утилизациялық алымға қатысты құжаттың тіркеуге әлі түспегенін айтқан.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды