"Жанды дауыс": Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімов Серікбол Сайлаубектің үйлену тойында ән шырқады
Танымал әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтеріп, Назкен есімді арумен бас қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/janibek.showman/
Айта кетейік, өнер иесі алғашқы некесінің берік болмағанын жасырмай айтып жүр.
“Халықтың батасын жинаған соң, алдамай-ақ қояйын. Ажырасып кеткенімізге 4-5 жылдай болды. Қазір ол кісі өзімен өзі. Енді үйде болмаймыз, әртіс адамға кім шыдайды?! Мүмкін мен де кінәлі шығармын. Қазір мен бойдақпын. Балаларымыз екі жақта жүре береді”, – деген еді әнші.
-
"Өзіммен бірге анамды да алдап соқты": Әнші Серікбол Сайлаубек қалай алданып қалғанын айтты
-
"Тірі өлік болдым": Әнші Серікбол Сайлаубек әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты
Мамыр айының басында эстрада жұлдызының екінші рет шаңырақ көтергенін әріптестері айтып қойды. Тіпті қадірлі меймандар арасында Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов те болған.
“Қандай керемет көрініс?! Ән өнерінің қазіргі хан тәңірі елдің ардақты, асыл азаматы, тізгін ұстаған ел ағасы Ахметжан Есімовпен жанды дауыста ән шырқады", – деп жазды той тізгінін ұстаған тамада.
Видеода Ахметжан Есімов отандық эстрада жұлдызы Сәкен Майғазиевпен бірге ән салды. Саясаткер мен әнші Ермек Меденовтың сүйемелдеуімен “МузАрттың” “Жүрегім менің” әнін орындаған.
Еске салайық, әнші үйінде “пәтер жалдаушы” секілді жүретінін мойындаған еді.