Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс: Генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды
Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша бұрынғы қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Қайдар Қарақұлов Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстарға қатысты қылмыстық іс бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, –делінген ақпаратта.
Ол абайсызда жасады деген күдікке ілінді.
Еске салайық, 2021 жылғы тамыз трагедиясының салдарынан 17 адам қаза тауып, біреуі із-түзсіз жоғалған болатын.
Талқылау

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ
