Жамбыл облысында әскери бөлімде жарылыс болды
Жарылыс сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат кешкі 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт болды.
Өрттің салдарынан белгісіз заттар жарылды. Төтенше жағдай орнына өрт сөндіру бригадалары тартылды.
“Оларға Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімдері көмек көрсетеді”, – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Өрт көзін жою жұмыстары жалғасуда. Себептер анықталуда.
Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды