Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңғар Нұртас: Ағамның абыройының арқасында қытайлықтардан зор құрмет көрдім

Қайрат Нұрастың жұбайы мен балаларын жұрт жақынырақ танығанымен, енді қыздар қауымы әншінің інісі Заңғарға қызығушылық танытып жатқан көрінеді.

Stan.kz тілшісімен сұхбаттасқан Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтердің кенже ұлы көпшілік көкейіндегі сауалдарға өзі жауап беруді жөн деп шешті.

Заңғар Нұртасұлы – 1996 жылы дүниеге келген екен. Бес жыл бойы Пекинде білім алған ол, жарты жыл бұрын ғана университетті тәмамдаған.

Жұлдызды жанұяның кенжесі «логист-инженер» мамандығы бойынша білім алыпты. Сондай-ақ, спортты серік еткен жігіт, 10 жылдан астам бокспен шұғылданады. Былғары қолғап шеберінің аталмыш салада жеткен жетістіктері де жетерлік.

«Мен боксқа 6 жыл Қазақстанда қатыстым, 5 жыл Қытай мемлекетінде қатыстым. Қазақстанда кішкентай кезімде қатысқанмын.

Ол кезде көптеген Астана біріншілігіне, Мерей Жүсіпов атындағы жарыстарға және бірнеше Қазақстандағы жарыстарға қатыстым. Қытай мемлекетіндегі Пекин қаласының 2016-шы жылдағы чемпионы боламын.

Қазір шынымды айтсам, бокс мен үшін хобби болып кетті. Өйткені Қазақстанға білімді жастар көп керек. Қазақстанда спортшылар өте көп. Мен өзімді Қазақстандағы ең мықты боксшымын деп айта алмаймын. Менен де мықты достарым бар.

Сондықтан мен көбінесе білім жағын таңдадым», – дейді Заңғар.

Бес жыл бойы Пекинде білімін шыңдаған Заңғар, ағасының аспан асты елінде де танымал екенін айтады. Тіпті Қайрат Нұртастың інісіне қытайлықтар да, аталмыш мемлекетте тұратын қазақ қандастарымызда ерекше құрмет көрсететін көрінеді.

«Қытайда өте жақсы тыңдайды. Жақсы қолдау көрсетеді. Мен осы Пекин, Үрімші қалаларына бардым. Барлығы мені танып, жақсы қарсы алды. Адамгершіліктері мол. Үйлеріне шақырып, ет асып, күтіп алып, шығарып салып, сәлемдері түзу.

Қайрат Нұртастың атын пайданалбаймын. Шынымды айтсам мақтанғым да келмейді. Бірақ енді көбісі біліп жатады. Жақсы жақтары да өте көп.

Адамдар құрметтейді. Бірақ менің ағам Қайрат Нұртас деп мен «өзімше» бола алмаймын ғой. Бәріміз пендеміз ғой (күледі)», – дейді Қайрат Нұртастың інісі.

Қайраттың сахнадағы өнеріне халық қанық болғанымен, әншінің өмірде қандай аға екенінен көпшілігі бейхабар! Заңғардың сөзіне сенсек, Нұртастың тұңғышы бауырларын досындай көреді екен.

«Қайрат ағам жайлы шынымды айтсам, сөзбен жеткізе алмаймын. Өйткені біз көбінесе сахнада көреміз. Бірақ бізбен үйдегі қарым-қатынасы мүлдем басқаша.

Өйткені бізбен ол сырласады. Көбінесе тазалықты жақсы көреді. Маған көбінесе: «Заңғар, мені ертерек оят. Жұмаға барайық» – дейді. Сырласамыз, ақылын айтады. Менің ойымша өмірде өте жақсы аға», – дейді Заңғар Нұртасұлы.

оқи отырыңыз:

Өнер жұлдыздары жағдайы нашар отбасыға баспана сыйлады

Солтүстік ақ мүйізтұмсықтың соңғы аталығы өлді

Аурухананың алдына келіп жатып алған алып қолтырауын жұртты шошытты

Сәкен Майғазиев “Ақыл тоқтатқан” адамдарды есін жиюға шақырды

Нұржан Керменбаев: Перзентханаға бірге баратын еркектерді түсінбеймін

Талқылау