Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті түркістандық екі азаматты есірткі дайындап жатқан жерінен ұстады

Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратурамен бірге синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы анықтап, жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰҚК

Екі жергілікті тұрғын есірткінің келесі партиясын дайындап жатқан жерінен ұсталды. 

“60 келіден астам психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған жабдықтар тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды”, – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 

Еске салайық, аталған қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін шекарада ұсталған Өзбекстан азаматы Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлерінің көзінше есірткі пакетін жұтып қойған еді.

Талқылау