AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика министрлігі алдағы бес жылда теңге бағамы қалай өзгеретінін айтты

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанның 2022–2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты Қазақстан экономикасын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған базалық, оптимистік және пессимистік сценарийлері әзірленді.

Базалық сценарий кезінде мұнай бағасы барреліне 60 долларды, ал доллар бағамы 425 теңгені құрайды.

2022-2026 жылдар аралығында ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 4,8% деңгейінде күтілуде. 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3,9% деңгейінде, 2026 жылы 5,2 пайызға дейін жеделдейді.

2022 жылы мұнай өндіру 87,9 миллион тоннаны құрап, 2026 жылы 107,4 миллион тоннаға дейін ұлғаяды.

"Барлық базалық салада оң өсім күтілуде. Негіз ретінде бюджетті жоспарлау үшін базалық сценарийді пайдалану ұсынылады", – деді ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев үкімет отырысында.

Оптимистік сценарий кезінде мұнай бағасы барреліне 70 доллар болса, доллар бағамы – 415 теңге.

2022-2026 жылдар аралығында елдің жалпы ішкі өнімінің орташа жылдық өсімі 5% деңгейінде болжанып отыр. 2022 жылы экономиканың нақты өсімі –  4,1%, 2026 жылы 5,3%-ке дейін үдейді.

Пессимистік сценарий орындалса, мұнай бағасы барреліне 50 доллар, ал доллар бағамы 435 теңгеге жетеді.

Алдағы бес жылда елдің ЖІӨ орташа өсімі 4,6% деңгейінде болжануда. 2022 жылы экономиканың нақты өсімі 3,7%, ал 2026 жылы 4,9%-ке дейін жеделдейді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр