Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысында сотталғандарды азаптаған үшін түрменің 11 қызметкерінің үстінен іс қозғалды

Ұлытау облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекеме және Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің қызметкерлеріне қатысты азаптау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Түрменің 7 және әскери бөлімнің 4, жалпы 11 қызметкер №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған 11 сотталугыны кемсітіп, қорқыту мақсатында күш қолданып, азаптаған. 

Лауазымды тұлғалар өздерінің жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарын құқық қорғау органдарынан жасыру мақсатында сотталғандарды Мекеме және Әскери бөлім қызметкерлеріне бағынбаушылық жасағандығы туралы жоғары тұрған басшылырына баяндаған.

Тергеу барысында күдіктілерге бұлтартпау шаралары қолданылып, тергеу сотының шешімімен олар лауазымдарынан уақытша шеттетілді. 26 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданды.



"Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық  жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Назарбаевтың інісі Самат Әбіш 8 жылға сотталғаны туралы жазған едік. Материалды толығырақ мына сілтеме бойынша ои аласыздар.

Талқылау