Ұлыбритания елшісі Қазақстанға қарсы санкция салу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді
Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі елімізге санкция салу туралы ұсыныстың неліктен айтылғаны жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Спутник Қазақстанға сілтеме жасап.
Бұған дейін Ұлыбритания парламентінің мүшесі Маргарет Ходж өзінің пікірінше, Қазақстан мен Әзірбайжан Ресейді қолдайтынын айтып, бұл елдерге қарсы санкция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын.
Осыған орай Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания елшісін елімізге қарсы санкция салу туралы ұсынысты неліктен тастағаны туралы түсіндіруін сұрады.
“Бұл парламенттегі бір депутаттың мәлімдемесі. Бүгін біз Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личті сыртқы істер министрлігіне шақырып, бұның немен байланысты екенін түсіндіруін сұрадық”, – деді ҚР сыртқы істер вице министрі Шахрат Нұрышев.
Кэти Лич сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесіп, британдық тараптың екі ел арасындағы сенімді қарым-қатынасқа үлкен мән беретінін атап айтты.
"Біз Украинаның аумақтық тұтастығына қатысты айтылған нақты ұстанымды түсінеміз және бейбітшілікті, көпжақты дипломатия мен БҰҰ жарғысының қағидаттарын қолдаудағы 30 жыл бойңы тұрақты ұстанымды бағалаймыз", – деді Кэти Лич.
2022 жылдың 1 наурызында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украинаны келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға шақырған болатын.