Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚШҰ Армения мен Әзірбайжанды шекарадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ереван мен Баку арасындағы жанжалға араслпайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар ұйым хатшылығы екі елді жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қақтығыс

"13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзірбайжан шекарасында ауыр қару-жарақ пен ұшқыссыз аппараттарды қолдана отырып әскери қақтығыс орын алды. Нәтижеінде көз жұмғандар мен жарақат алғандар бар", – делінген хатшылық хабарламасында. 

Ұйым жағдайды ретке келтіру үшін Әзірбайжан, Армения мен Ресей көшбасшыларының мәлімдемесінде айтылған саяси-дипломатиялық әдістер мен келісімдер қолданылуы керек екенін мәлімдеді. 

"Армения тарапының ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне жүгінуіне байланысты ұйым хатшылығы  ҰҚШҰ Біріккен штабымен бірлесіп жағдайды ретке келтіру үшін жұмыс ұйымдастырылды", – деп қосты баспасөз қызметі. 

ҰҚШҰ хатшылығы көз жұмғандардың туыстарына көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Еске салайық, 13 қыркүйекте түнде Армения-Әзірбайжан шекарасында атыс басталды. Екі ел қорғаныс министрліктері бір-біріне қарама-қайшы ақпарат ұсынған.

Талқылау