AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушы мектепке қару әкеліп, сыныптастарын қорқытқан

Қолына пневматикалық қару ұстаған түзету орталығының тәлім алушысы Якутскідегі мектептердің біріне барып, оқушыларды қорқытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

мектеп кару

Якутия Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі 21 қыркүйек күні №13 орта мектеп аумағында жасөспірімнің балалармен ауызша туындаған дау кезінде тапаншамен қорқытқанын мәлімдеді.

"Оқиғаны анықтау барысында баланың шын қарумен емес пневматикалық тапаншамен қорқытқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жасөспірімнің жеке басы анықталуда", – деді министрлікте.

Білім министрлігінің айтуынша, тапаншамен қаруланған бала 17 жастағы түзету мектебінің 9-сынып түлегі болып шықты және ол еш жерде оқымайды әрі жұмыс істемейді. 



"Мектеп оқушыларына психологиялық қолдау көрсетілді. Білім және ғылым министрлігі білім беру мекемелері аумағындағы қауіпсіздікті бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдады", – деп қосты баспасөз қызметі.

Оқиға бойынша зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, 20 қыркүйек күні Пермь мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті өзі оқитын білім ордасына қару әкеліп, адамдарға оқ жаудырған болатын. Салдарынан алты адам көз жұмып (бұған дейін 8 адамның қаза болғаны айтылған еді), тағы 24-і жарақат алды.

Бұған дейін шабуыл жасаған Тимур Бекмансуровтың жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған. Қазіргі таңдағы белгілі ақпарат бойынша студентке алған жарақатына байланысты ота жасалып, аяғын ампутациялаған

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр