Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әр облыстың үздік оқушылары Ақорданы аралады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай барлық облыстан келген 100 оқушы президент резиденциясын аралады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды.
Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы қызық экскурсия ұйымдастырылды.
ОқыңызОқушылар ресми қабылдау өтетін залдар мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді. Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алды.
Экскурсия соңында балаларға президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген