Валентин күнімен құттықтаған Айқынды тыңдармандары жек көріп кеткен
Баршаны Валентин күнімен құттықтаған Айқын Төлепбергеннен тыңдармандарының көңілі қалып, желіде қызу дауласып жатыр.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Мейрам ба, мейрам емес пе, әр адам өзі шешеді.Ғашығыңа гүл сыйлағаннан дүние кеміп кетпейді. Керісінше, мейрамның көп болғаны жақсы. Ғашықтар күнімен!”, – деп жазған еді Айқын Инстаграм парақшасында.
Желі қолданушылары әншінің бұл ойына қарсы келіп, бұл мерекенің қазаққа тән еместігін айтып дауласты. Гүлді бұл мерекеден бөлек басқа күні беруге болатынын да ескертті. Кейбіреулері бұл күннің дінсіздердің мейрамы екенін айта келе, Айқыннан осы сөзі үшін көңілі қалғанын, бұған дейінгі құрметінің бекер болғанын жазыпты. Тіпті, әншінің мұндай ойынан кейін оны қалай қазақ деуге болады деп пікір айтқандар да табылған.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған