Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцинацияға қарсы шыққан қазақстандық блогерлердің балалары қызылшамен ауырып қалды (видео)

Вакцинацияға қарсы шыққан қазақстандық танымал блогерлер Әлия Исенова мен Анатолий Кимнің балалары қызылшамен ауырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Исенованың Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: kursiv.media

Айтуынша, блогердің үш баласы қызылшамен ауырған. 

"Біз вакцинация жасамадық. Балаларға екпе салу жоспарда жоқ. Мен ешкімді үгіттемеймін, бұл біздің таңдауымыз. Ал таңдау сенің жауапкершілігіңде. Ауруымыз суық тигеннен сияқты. Тек дақтар ғана пайда болды", - деп жазды блогер.

Кейінірек ауруханаға блогердің бір жасқа толмаған кенже баласының түскені белгілі болды. Оның айтуынша, кенже баласында "бәрі жақсы".

"Анатолий оны тағамдық қоспалармен, тамаққа арналған табиғи антибиотиктермен, антиоксиданттар, сарымсақ және сумен қоректендіріп жатыр", - деді ол.

Блогер балалардың емделуіне акуланың бауыр майы, омега, D дәрумені және лецитин көмектесетінін айтты.

Исенова мен Ким вакицнацияға қарсы ұстанымдарымен танымал. Пандемия кезінде ерлі-зайыптылар шектеулер мен бетперде режимін алып тастауды ұсынды. Сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинациялау науқанына қарсы шықты. 

Талқылау