"Вахталық жұмысқа тұрғызып беремін": Түркістанда алаяқ 10 адамнан ақша алып, алдап кеткен
Түркістанда алаяқ тұрғындарды "вахталық жұмысқа тұрғызып беремін" деп сан соқтырған. 10 адамның сенімі кіріп алдаған ол 1,2 миллион теңге қаражатты жымқырып, жоқ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция алаяқты анықтады.
“Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында интернет-алаяқтықтың 10 дерегіне қатысы бар тұрғын анықталды.
Күдікті әлеуметтік желіге "вахталық жұмысқа тұрғызып беремін" деген жарнама салып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Содан тұрғындардың ақшасын алып, өзінің таныстарының есепшотына аудартып отырған”,- делінген полиция хабарламасында.
Келтірілген шығын 1,2 млн теңгені құрайды.
Қазір аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Талқылау

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес

"Салқын суға салсаң, бояуы шығады": Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының шайы халықтың көңілінен шықпай қалды
Экономист: "Шай плантациясы жоқ елде толыққанды өндіріс болмайды"