Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үздік әйел" атағын алып тұрмын": Айсәуле Бақытбек күйеуінің туған күніне ерекше сыйлық жасады

Танымал блогер, актриса Айсәуле Бақытбек күйеуі Әлішердің туған күніне ерекше сыйлық тарту етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aissaulebakytbek/

Блогер жолдасына "Реал Мадрид" футбол клубының жартылай қорғаушысы Лука Модричтің қолтаңбасы бар жеңіл жейде мен картина сыйлаған.

“Менің күйеуім бала кезінен "Реал Мадрид" футбол клубының жанкүйері, ол әлемдегі ең керемет күйеу болғаны үшін оған сыйлық жасаймын деп шешім қабылдадым. Қораптың ішінде не бар деп ойлайсыз?”, – деп оқырманды қызықтырып қойды ол. 



Желі қолданушылары түрлі пікір жаудырса да, ешкім дұрыс жауапты таба алмады. Айсәуле қораптың ішінен шыныға салынған картинаны шығарды.  

“Модрич мырза – мекшікті қызметкер. "Үздік әйел 2024" номинациясында мен жеңімпазбын. Жақсы көремін", – деп жазды блогер. 

Фото: https://www.instagram.com/aissaulebakytbek/

Еске салайық, блогердің тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы жазбасы ел талқысына түскенін жазған едік. 

Талқылау