"Үйді анасының атына аударды": Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі ел алдында жан сырын ақтарды
Журналист Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызы халыққа үндеу жасап, мән-жайды түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж: Stan.kz
Тараздық келіншек журналист күйеуінің көмек көрсетпейтінін айтып, шағымданды.
“2015 жылы үйленгеннен кейін 2017 жылы Астанаға көштік. Ол жақта пәтер жалдап тұрдық. “Менің атымнан ИП ашып, үй алуға ақша жинаймыз. Бұл Зейіннің үйі болады. Сендер үшін жасап жатырмын” дегесін сеніп, бүкіл құжатты жасадық. Біраз ақша да түсіп, өзім көріп отырдым. Отбасымыздағы ұрыс-керіс жиіленіп кетсе де, мен құжаттарға мән бермедім. 2020 жылы ажырасып кеткенде маған айыппұл келді. Сол кезде барып, бәрін түсіндім. Асхат мен арқылы ақша тауып отырған. Үй алған кезде де анасының атына жазды. “Тағы да үй алсақ, екеуміздің атымызда үй болмауы керек” деп түсіндірді. Асхаттың ісі мен сөзі сәйкес келмейді. “Зейін үшін жасап жатырмын” деген сөзі мен “Ол үйде сенің үлесің жоқ” деуі қарама-қайшы пікір емес пе?! Одан кейін бала соты басталды. Содан-ақ маған ешқандай дүние-мүлік керек болмай қалды. Ең бастысы, балам жанымда болса екен”, – деді жалғызбасты ана.
Сондай-ақ ұлының әкесіне үндеу жасап, өзін мазаламауын өтінді.
“Асхат, егер балаға көмектесіп, жағдайын жасаймын десең, мархабат! Бірақ баланы менен тартып ала алмайсың. Бізге тыныштық бер. Мені сотқа сүйрей берме. “10 жасқа толғанда тағы сотқа беремін” деп әуреге түспе. Соттан гөрі ақылға салып, бала үшін дос болайық. Барлығын осы сөзіммен жапқым келеді. Бес жыл бойы балам екеумізден маза кетті”, – деп жан сырын ақтарды Айғаным.
Еске салайық, Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Ерке Есмахан ұлын бір жыл бойы көрсетпей қойғанын жазған едік.