Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйде екі күн жатып қалған": Алматы облысыда қайнағасынан таяқ жеген келіншектің ағасы оқиға туралы айтты

Алматы облысы Қарасай ауданында қайынағасы келінін аяусыз сабаған. 6 баланың анасы осы оқиғадан соң мүгедек болып қалған. Жәбірленушінің ағасы үйіндегілер араша түспегенін айтып ашынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Жәбірленуші тараптың айтуынша қайынағасы ұлымен бірге келіншекті тепкінің астына алған. Ең сорақысы, осы сәтте үйде басқа да адамдар болған. Бірақ, ешқайсысы көмек қолын созбаған көрінеді. Ауыр жарақат алған келіншекке медициналық көмек те жасалмаған. Қарындасынан хабар ала алмаған ағасы былықтың бетін ашқан.

“Үйіне барғанбыз кешкісін. Сөйтсе, қарындасым ауыр соққының, тепкінің астына алынған. Үйде жатып қалған екі күн зорлық-зомбылықтың кесірінен. Жедел жәрдем шақырылмаған. Іш құрылысына зақым келген. Қайын ағасы мен ұлы жауапқа тартылсын”, – дейді жәбірденушінің ағасы Мирлан Сырғабаева.

Ауыр соққыға жығылған әйелге ота жасалып, көк бауыры алынып тасталды. Мүгедек болып қалған. Адвокаты келіншектің қайынағасы бостандықта жүргенін түсене алар емес. Сот санкциясымен 1999 жылғы ұлы қамауға алынған.

“Бірақ соның әкесін Тельтаев Алмасты қамауға алмайды. Негізінде, бұл жерде 120-шы баптың бірінші бөлігімен тіркеу керек еді. Екіншіден, ұрғаны бар, соққаны бар. Үшіншіден, көргендердің бәрі ауыр қылмысты көріп тұрып, ешқайда хабарламаған. Қайынағасы келінін зорламақ болған. Қарсылыққа тап болған соң ұрған”, – дейді қорғаушы Айман Омарова.

Бұл оқиға ауыл халқының жағасын ұстатты. Олар мұндай жағдай елдімекенде бірінші рет болып отырғанын айтады. Қазіргі таңда көпбалалы ана өз туыстарының үйінде. "Оның мектепке баратын 4 баласы әкесінің қолында, бірақ жақынарада анасына тапсырылады", –дейді жергілікті билік.

“Енді осындай ситуация орын алыпты Жармұханбет ауылында. Бақылауға алынып, мектеп директоры қоса барып, қарап тұрады. Енді осы айдың аяғына дейін балалар анасының қолына барады. Ол кісі әлеуметтік көмекке тапсырған екен, күйеуі жұмыс істемегендіктен, оған отказ келді”, – дейді Елтай ауылдық округі әкімінің орынбасары Біржан Белғожаев.

Полиция бұл іске қатысты мардымды жауап бермеді. "Тергеу жүріп жатыр" деп қысқа қайырды.

“Аталған факт ҚР ҚК 106 бабының 1 бөлімінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданынның полиция басқармаснда тіркелді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша толықтығы мен жан жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – дейді Қарасай аудандық полиция басқармасының орынбасары Айдар Әбдірахманұлы.

Жәбір көрген көпбалалы ана мен оның жақындары әділ шешім болса дейді

Еске салсақ, Алматы облысында жан түршігерлік қылмыс орын алды. Алты баланың анасын күйеуінің туыстары өлімші етіп ұрып тастаған.

Талқылау