Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шашымнан тартып, ұрды": Алматы облысында қайын ағасы зорламақ болған алты баланың анасы оқиғаның қалай болғанын айтты

Алматы облысында жан түршігерлік қылмыс орын алды. Алты баланың анасын күйеуінің туыстары өлімші етіп ұрып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп. 

Алматы облысы тұрғыны Айжан Сырғабаева

Бұл Қаскелең қаласында болған. Түннің бір уағында Айжан Сырғабаеваны мас күйдегі күйеуінің ағасы зорламақ болған. Ол қарсылық танытқан бойда ер адам ашуланып, оны ұрып-соға бастаған. Әйел көмек сұрап аулаға жүгіріп, туыстарына барса, одан да үлкен агрессияға тап болған. Қайын ағасының ұлы әйелді қорғаудың орнына қоймай, ол да келіншекті қатты ұра бастаған.

“Шашымнан тартты. Баласы ұрды. Күйеуім бұл уақытта жұмыста еді, қайтып келген кезде “Өліп қалсаң, әкеңнің жанына жерлеймін” деді. Қазір балаларым не болғанын білмеймін. Тамақтары тоқ па, сабақтарына барды ма екен.. Қайын ағам балаларымның шалбарын шешім, сүйетін, енем осылай махаббатын білдіреді деп айтатын”, –жәбірленуші дейді Айжан. 

Туыстары жедел жәрдемді Айжаның жағдайы нашар екенін түсінгенде бір-ақ шақырған.



Айжанның көкбауырын толықтай алып тастаған. 

Әйелдің қорғаушысы Айман Омарова полиция қызметкерлері неліктен тек ер адамның ұлын ұстағанына таң. Оқиғаға кінәлі қайын ағасы бостандықта жүр. 

“ҚР ҚК-нің 120 бабы 1 бөлімі “Зорлауға әрекеттену” бойынша іс тіркелмеген. Бұл жерде балаларға қатысты зорлық әрекеттері бар деп ойлаймыз. Бұл фактілер жасырылуда”, – дейді адвокат.

Айжанның үлкен баласы 14-те, кішкентайы бір жарым жаста, алты баланың төртеуі мектепте оқиды. Уақытша тергеу изоляторында қазір әйелдің тек бір туысы ғана. Ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Еске салсақ, Қарасай ауданында қайын ағасы 6 баланың анасын зорламақ болып, ұрып-соққаны туралы хабарлаған едік. "Аталған факт Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлімінде (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полиция бөлімінде тіркелді. 

Талқылау