Үндістанда нөсер жауынның салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты
Үндістанның Солтүстігіндегі Уттаракханд штатында үш күннен бері жауып тұрған муссон жаңбырдың салдарынан 42-ден астам адам қаза тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нөсердің салдарынан көшкін, тас көшкіні, су тасқыны орын алып, ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен. Жергілікті билік құтқару жұмыстарына қатысатын қарулы күштерден көмек сұрады. "Deccan Herald" газеті хабарлағандай Үндістанның Оңтүстігінде де жаңбыр қарқыны бәсеңсімей тұр.
Салдарынан, 38 адам құрбан болды. Метеорологтар алдағы күндері нөсер қарқындылығының төмендейтінін айтты.
Еске салсақ, бұған дейін нөсер жауынның салдарынан Мексикада 17 адам көз жұмғаны айтылған еді.
Нью-Йорк қаласы су астында қалды: Табиғи апат 45 адамның өмірін қиды
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды