Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мексикада болған су тасқыны мен жер сілкінісінен 18 адам қаза тапты

Мексиканың Идальго штатында қатты нөсер жаңбырдың салдарынан су тасқыны болып, электр жарығы өшіп қалғандықтан жергілікті ауруханада жатқан 17 адамға оттегі жетіспей, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі dw.com-ға сілтеме жасап.

землетрясение

Елде болған апат туралы 8 қыркүйек күні Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор мәлім етті.

Дүйсенбі кешке басталған нөсердің салдарынан өзендер тасып, Тула қаласындағы аурухананың бірінші қабатын су басқан. Трансформатор істен шығып, мекеме электрсіз қалды. Коронавирус жұқтырған кейбір ауыр жағдайдағы науқастарға осы кезде оттегімен тыныс беріліп тұрған. Құтқарушылар ауруханадан 40 адамды алып шыққан.

Мексика билігі табиғи апаттың салдарын жоюға әскерін жұмылдырды. Су тасқынынан 30 мыңнан аса адам зардап шекті. 

Сейсенбі күні Мексиканың Герреро штатында, Мехикодан 300 шақырым жерде орналасқан Акапулько курортына жақын жерде 7,1 балдық жер сілкінісі болды. Ұлттық сейсмологиялық қызметтің хабарлауынша, одан кейін тағы 70 жер дүмпуі қайталанған. 

Мексика президенті өзінің қысқа бейнехабарламасында жер сілкінісінен ғимараттар аса қатты қирамағанын, алайда бір адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Электр беру жөніндегі федералды комиссияның деректеріне сай, жер сілкінісі салдарынан Мехикода 730 мыңнан аса адам электр жарығынсыз қалған.

Талқылау