Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үлкен үміт: 16 жастағы қазақстандық футболшы ресми түрде Португалияның Rio Ave клубына қабылданды

Қазақстан жастар құрамасының футболшысы Ақжол Әбдірахманов ресми түрде португалиялық Rio Ave футбол клубының мүшесі атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

акжол абдрахманов

Rio Ave клубы Ақжолды жастар командасына таңдап, ал 2022 жылдан бастап ресми ойыншы ретінде қатарға қосты.

Белгілі болғандай, спортшы 13 жасынан бастап Португалияның BSports элиталық академиясында тұрып, жаттығады. Осы жылдар ішінде отандасымыз халықаралық ортада бейімделіп, кәсіби дағдыларын дамытып, өзіне және жерлестеріне мақсаттың шекарасы болмайтынын дәлелдеп бергендей. 

Айта кетейік, Rio Ave футбол клубы "Реал Мадрид", "Бенфика" және Португалия құрамасының бұрынғы ойыншысы Фабио Коэнтраоның спорттық мансабы басталған жер.

акжол абдрахманов 222

Rio Ave клубына осындай жас кезінен қабылдануы қазақстандық Ақжол Әбдірахмановтың болашақ мансабынан үлкен үміт күттіретінін білдіреді.

Аталған клубтағы жұмысымен қатар жас футболшы Sports академиясында оқуын жалғастырады, өйткені онда оған тек білім беру ғана емес, сонымен қатар техникалық қолдау да көрсетіледі.

Ақжол ресми түрде португал білім беру бағдарламасы бойынша оқиды және Еуропа университетіне түсуді жоспарлап отыр.

акжол абдрахманов 333

Талқылау