Украинадағы соғыс кезінде қос аяғынан айырылған медбике тұрмысқа шықты
Украинадағы Львов қаласында 23 жастағы медбике өз сүйіктісіне тұрмысқа шықты. Лисичанск тумасы наурыз айында ресейлік әскерилердің минасын басып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Той Львов ауруханасындағы палатада өткен. Оксана аяғынан 27 наурызда айырылған. Әйел алдағы қауіпті ескерту үшін сүйіктісіне бұрылған сәтте аяғының астында мина жарылып кеткен.
Олар өздеріне таныс жолмен үйлеріне қайтып келе жатқан. Жарылыстан Виктор зардап шекпеген. Алайда Оксана аяғымен қоса сол қолындағы төрт саусағынан айырылды.
Лисичанск ауруханасында әйелге алғашқы көмек көрсетілген. Мұнда бірден төрт ота жасалған соң, Оксананы Днепр қаласына эвакуациялаған. Днепрде әйелдің жарақаттарын емдеп, протез салуға дайындапты. Кейін эвакуациялық пойызбен Львов қаласында ауыстырылған.
6 жыл бірге болған Оксана мен Виктор ауруханада неке жүзіктерін тағуға бел байлаған. Олардың екі баласы бар. Алайда ақ көйлекті Оксана Львов ауруханасында алғашқы рет киген. Тортты еріктілер дайындады. АХАЖ бөлімінде некелерін қиған соң, Хирургия орталығында тойлаған.
Айта кетейік, бұған дейін Украинадағы қазақ азаматы жантүршігерлік оқиғаны баяндап берген еді.