"Үкіметте радикалдар бар": Путин Украинадағы денацификацияның мәнін ашты
Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы денацификацияның мәнін түсіндірді. Оның айтуынша, Ресейде де радикалдар бар, бірақ олар Киевтегідей үкіметте басында отырған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сонымен денацификация дегеніміз не? Мен батыстық әріптестеріммен сөйлестім. Бізде радикалдар бар. Бірақ бізде үкіметте радикалдар жоқ. Барлығы Украина билігінде радикалдардың бар екенін мойындайды", – деді Путин.
Сондай-ақ Ресей басшысы Мәскеудің Киевпен Донбасстағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге бірнеше рет талпыныс жасағанын атап өтті. Оның пікірінше, Киев Донбассқа орысша сөйлеуге мүмкіндік беріп, өзінше өмір сүруге мүмкіндік беруі керек еді. Алайда оның орнына Украина билігі аймақты қоршауға алды.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Украинаны деназияландырудан бас тартуын жоққа шығарды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"