УЕФА Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы өз алаңында Аустриядан ұтылды
Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Аустрия құрамасынан жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:oefb.at
Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында бесінші ойнын өз алаңында Аустриямен өткізіп, тағы да ұтылды. Алматыдағы “Орталық стадионда" өткен матчта Қазақстан құрамасының қақпасына жауапсыз 2 гол соғылды. Аустриялық спортшылар мәселенің барлығын бірінші таймда шешіп тастады. Осылайша ресейлік маман Станислав Черчесов Ұлттық құраманың тізгінін ұстағалы Қазақстан төртінші ойын қатарынан жеңіліске ұшырап, әлі бірде-бір ойында жеңіске жеткен жоқ.
Айта кетейік, енді біздің ұлттық құрама 17 қарашада Норвегияға қарсы ойнайды. Қазақстан қазір өз тобында жалғыз ұпаймен соңғы орынға қалды.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып

