Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болды
Төтенше жағдайлар министрлігін бұған дейін басқарған Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Мұны Ақорда мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы облысын Марат Сұлтанғазиев басқарған еді. Ол өңір әкімі қызметіне 2022 жылғы маусымда тағайындалған. 4 қыркүйекте Президент Жарлығымен Марат Сұлтанғазиев бұл қызметтен босатылды.
Шыңғыс Әрінов туралы не белгілі?
Шыңғыс Әрінов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. Сондай-ақ Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы мен Азаматтық авиация академиясында білім алған.
Ол 2006-2022 жылдар аралығында Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық қызметтер атқарды.
2022 жылы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзеті қызметінің бастығы болып тағайындалды. Шыңғыс Әрінов – Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры.
2024 жылғы ақпанда ол Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалып, бұл лауазымды 2026 жылғы тамызға дейін атқарды.
Енді Шыңғыс Әрінов Алматы облысын басқарады.
14 жастағы қыздың "зорлау" ісін өз еркімен болды деп ауыстырған: Қазақстандық тергеуші салғырттық танытты деп айыпталды
