ТЖМ халықты құлақтандырудың тегін сервистерімен таныстырды
Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс барысында мобильді қосымшаларды қолданысқа енгізді. Арнайы қосымша халықты ақпараттандыру мақсатында жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Сонымен қатар "Darmen" қосымшасына "Азаматтық қорғаныс" қосымшасы біріктірілген, ол сізге қауіпсіз жүріп-тұру, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу ережелерімен түсінікті жадынамалар мен нұсқаулар түрінде танысуға мүмкіндік береді. Біздің азаматтарға "Darmen" мобильді қосымшасын өзі мен жақындарының смартфондарына жүктеуді ұсынамын. Қосымшаның мүмкіндіктерін кеңейту бойынша алдағы жоспарларымыз бар”, – деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов.
Бұдан бөлек халықты ақпараттандыру мақсатында мобильді қосымшалардың басқа да платформалары пайдаланылады.
“2ГИС қосымшасында төтенше жағдай кезінде халықты жинау-эвакуациялау және қабылдау-эвакуациялау бекеттері, суға шомылуға тыйым салынған және рұқсат берілген орындар туралы мәліметтер бар”, – деді Бауыржан Сыздықов.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады