Түшкіруді басуға тырысқан ер адам ауруханадан бір-ақ шықты
Түшкіруін басқысы келген британдық тамағын ауыртып ауруханаға жүгінген. Айтуынша ол қатты түсшкірген кезінде оны ұстап қалу үшін мұрынын басып, демалмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KP.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Науқас стационарға жұтынғанда қатты ауру сезімі мен қатты түшкіруден кейін дауысының өзгеруіне шағымданып түскен. Ол дәрігерлерге мұрын тесігін саусақтарымен жауып, түшкіруді басуға тырысқанын, бірақ түшкіргенде тамағын бірдеңенің сырып өткенін сезгенін айтты. Кейін ол тамағының ісінгенін байқаған.
Рентген суреті ер адамның тамағына ауа кіріп, қысымның зақымдағанын көрсетті. Дәрігерлер британдықтың тамағын сырып алғанын айтты. Жарақат ауыр емес, операция қажет болмаған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды