Түркиядағы жер сілкінісі: 9 күннен кейін тірі қалғандар табылып жатыр
Түркияда жер сілкінісінен тоғыз күн өткеннен кейін үйінді астынан екі ағайынды құтқарылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Фото: Anadolu Agency
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Дулкадироглу ауданында жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң екі ағайынды үйінді астынан құтқарылды.
14 ақпанда таңертең ондаған құтқарушы 17 жастағы Мухаммед Энес Йенинар мен оның ағасы 21 жастағы Баки Йенинарды аман алып шықты. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп, кейіннен ауруханаға жатқызылды.
Ағайынды Йенинарлардың анасы екі күн бұрын үйінді астынан құтқарылған.
Жалпы, Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 31,6 мыңнан асты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды