Түркияда ресейлік құтқарушылар үйінді астынан 150 мың доллар тапты
Ресейлік құтқарушылар Түркиядағы қираған ғимарат үйінділерінің астынан 150 мың доллар тапты. Қомақты қаражатты жергілікті полицияға тапсырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Жойқын жер сілкінісінен кейін кезекті үйіндіні ашқан кезде Ресей ТЖМ қызметкерлері жүз долларлық купюралармен толтырылған тостаған тапты.
“Табылған 150 мың доллар көлеміндегі қаражат жергілікті полицияға тапсырылды", - делінген министрліктің хабарламасында.
Еске салсақ, Түркияда жер сілкінісінен тоғыз күн өткеннен кейін үйінді астынан екі ағайынды құтқарылды.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 31,6 мыңнан асты.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған