Түркістан облысының тауларында сирек кездесетін аю көрінді
Альпинистер Түркістан облысының тауларында тянь-шань ақ тырнақты аюын кездестірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" басылымына сілтеме жасап.
Альпинистер "Медвежка" шыңын бағындыруды "Оңтүстік альпинизм" олимпиадасына арнапты. Шыңға көтеріліп келе жатып аюды көреді. Тәжірибелі таусүйерлер аюмен кездесуге дайын болыпты.
"Қорқыныш болмады. Егер қонжығымен бірге болса, жағдай басқаша өрбитін еді. Біз жеті адам болған соң ба қорықпадық. Аюмен арамызда 70-80 метр еді. Ол тоқтап, сосын солға бұрылды. Егер жүгірсе, жүгіретін еді", - деді альпинист Руслан Овчинников.
Тянь Шань аюы – қоңыр аюлардың ең сирек кездесетін түрі. Тянь Шань мен Памир тауларында мекендейді. Салмағы 300 келіге жетеді. Басты ерекшелігі – тырнағы ақ түсті болады. Сондықтан да ақ тырнақты аю деп те атайды.
Айта кетейік, әлемде 5 мыңға жуық Тянь Шань қоңыр аюлары бар. Оның 1000 шақтысы Қазақстанда мекен етеді.
Талқылау

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

Қоқыс полигонындағы өрт алматылықтарға қаншалықты қауіпті: Мамандар экологиялық апатқа байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді