Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында күйеуі әйелін күштеп жындыханаға жатқызған

Түркістан облысында күйеуі әйелін күштеп психикалық сауықтыру орталығына жатқызған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, отбасындағы жанжалдан кейін күйеуі екі досымен бірге оны байлап, Шымкенттегі облыстық психикалық денсаулық орталығына апарған. 

Күйеуі осы орталықтың қызметкерлерімен алдын ала келісіп, әйелді ақыл-есі кем деген диагнозбен орталыққа орналастырыпты. Әйел емханада үш күн жатқан.

Сондай-ақ әйел осы мекемеде болған кезде орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне куә болғанын да айтты.


Полиция шақырса да, шара қабылдамаған: Қарағандыда әйелін балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот басталды


Әйел Түркістан қалалық полиция басқармасына арыз жазып, полиция қылмыстық іс қозғаған. Алайда 2024 жылдың тамыз айында қылмыстық іс белгісіз себептермен жабылып қалған. 

Қазір Түркістан қаласының прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойып, қылмыстық іс қайта қозғалды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда күйеуі ұрып-соққан әйел жүріп бара жатқан көліктен секіріп түспек болғаны туралы жазған едік.

Талқылау