Түркістан облысында колонияға жасырын камерасы бар көзілдірік өткізуге тырысқан
Түркістан облысында колонияға жасырын камерасы бар көзілдірік өткізуге тырысқан. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Тосын сыйы" бар сәлемдеме шамамен бұрын сотты болған, қазіргі кезде мекемеде ауыр және аса ауыр қылмыстар (адам ұрлау, бопсалау, терроризм) үшін 14 жылға сотталған азаматтың атына келген.
Аталған факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды",- деп хабарланды Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Өңірлік ҚАЖ департаментінің хабарлауынша, мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отыр.
"Жыл басынан бері Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы келетін тыйым салынған заттарды берудің 20-дан астам әрекетінің жолын кесті. Көбінесе бұл есірткі заттары мен ұялы телефондар. Алайда біз үшін бұндай ерекше құрылғының тәркіленуі алғаш рет болып отыр. Бұған дейін өңірде осыған ұқсас фактілер тіркелмеген",- дейді өңірлік ҚАЖ департаменті.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?