Түркістан облысында көлік сайға құлап, төрт адам опат болды
Шардарада жол апатынан 3 жолаушы мен жүргізуші көз жұмды. Ал бір жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде аталған көлік апаты туралы видео тарады. Онда көліктің қатты жылдамдықпен келіп, сайға құлап түскенін көруге болады.
"Көлік апатының мән-жайы тергеп-тексеру барысында анықталатын болады. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалды", – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды