Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында екі күн бойы іздеуде болған 4 жасар баланың денесі табылды

Түркістан облысында екі күн бойы іздеуде болған 4 жасар баланың денесі көрші үй маңындағы құбырдан (септик) табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет Polisia.kz

Жоғалған баланы іздеуге полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары, сондай-ақ Ұлттық ұланның құтқарушылары мен әскери қызметшілері жұмылдырылған.

“Оның фотосуреті бар бағдарлар БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды. Баланы іздеуге еріктілер, жергілікті тұрғындар мен оқиғаға бей-жай қарай алмаған азаматтар көмек көрсетті. Іздеу барысында жақын маңдағы аумақтарды, тұрғын үйлерді аралау жүргізілді. Қараусыз қалған үйлер, арықтар және кішкентай бала бара алады-ау деген басқа да орындар тексерілген”, – делінген хабарламада.

Бүлдіршіннің денесі үздіксіз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде желтоқсанның 3-і күні түстен кейін көрші үй маңындағы құбырдан (септик) табылды. Баланың денесіне сот-медициналық сараптамасы жүргізілді. Зорлық-зомбылық белгілері табылмады.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Талқылау