Түркістан облысында білім бөлімінің есепшілері 3 млрд теңгеге жуық қаржыны жымқырған
Түркістан облысындағы білім мекемесінде 2,8 млрд теңге бюджет қаражаты ұрланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Фото: vera.kz
Атап айтқанда, Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлерімен 2,8 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
“Осы факті бойынша құжаттар cотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабымен тіркеліп, (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) тергеу Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен жүргізілуде”, делінген хабарламада.
Нәтижесінде мемлекет бюджетіне 309 млн теңге қайтарылған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды