Түркістан облысында Ақордаға ұқсайтын ауыл мектебі салынды
Түркістан облысы Сайрам ауданында кәсіпкер Ақордаға ұқсайтын мектеп салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Түрксітан TV арнасына сілтеме жасап.

Педогогика саласында қызмет атқаратын жұбайына арнап мектеп саламын деп армандаған кәсіпкер, ауданда оншақты мектеп мен балабақша тұрғызыпты. Кәсіпкер жеті айда жеті мектеп салған.
Мен мектеп салғаннан күш-қуат аламын. Маған ақшаның, пайданың қажеті жоқ. Мен үшін жастарға, оқушыларға, халыққа қызмет ету маңызды”, – дейді Низамхан Сүлейменов.
Ал Ақордаға ұқсайтын мектеп Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан. Білім ошағында 2500 оқушы сияды. Мектеп асханасында 400 адам тамақтана алады. Спорт алаңы мен хауыз да бар. Тегін үйірмелердің барлығы қарастырылған. Үздік оқушыларға кәсіпкер өз қалтасынан шәкіртақы тағайындайды екен.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды