Түркіменстан "коронавирус" сөзін пайдалануға тыйым салды
Түркіменстан үкіметі "коронавирус" сөзін қолдануға тыйым салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркіменстан пандемияға байланысты БАҚ-тағы жаңалықтардың барлығында "коронавирус" сөзін қолдануға шектеу қойды. Сондай-ақ бұл сөз елдің денсаулық сақтау министрлігінің індет жайлы түсіндірме кітапшалардан да толығымен алынып тасталды. Аталмыш кітапшалар ем қабылдау орталықтары мен білім беру мекемелеріне таратылған.
Сонымен қатар мемлекетте көшеде маска тағып, әлемедегі эпидемияның таралуы жайлы әңгіме айтып бара жатқан тұрғындар қамауға алынуы мүмкін көрінеді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды